Қастеев мұражайының ұжымы Президент Жолдауын талқылады

Кездесу сұрақ-жауап түрінде өтті

Almaty.tv

«Жалақыны көбейту жастарды мәдени жұмысқа тартуға көмектеседі. Бұл кадр тапшылығы мәселесіне де оң әсерін тигізеді». Бүгін Президент Жолдауын талқылауға арналған жиында Қастеев мұражайының ұжымы осылай деді. Кездесу үйреншікті дәріс форматында емес, сұрақ-жауап түрінде өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында «Қуатты Қазақстан» қорының президенті, саясаттанушы Мұхит Әуелбай және «AMANAT» партиясының өкілдері сөз сөйледі. Олар Жолдаудың басты тезистерін түсіндіріп өткеннен кейін мұражай ұжымының мәдениетті дамытуға қатысты сұрақтарына жауап берді.

«Сөзсіз, өте қызықты болды. Мен мұндай кездесулердің сұрақ-жауап форматында өткенін қалаймын. Бұл кері байланыс үшін керек. Бірлесіп, ақылдасу үшін. Себебі естуші мемлекет концепциясы барлық салада жұмыс істеуі керек. Маңызды жиындардың көптеп өтетініне сенімдімін», – деді AMANAT партиясы бостандық ауданы филиалы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі Нұрлыбек Мыңжасаров.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

жолдау
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир