Алмалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ғалымдар Жолдаудың басымдықтарын талқылады

Жолдауда еңбек нарығы, кәсіпкерлікті қолдау сынды бастамаларға ерекше маңыз берілді

Almaty.tv

Саяси реформалардың өзгеруімен ел тарихындағы жаңа парақ ашылады. Жоғары оқу орны оқытушыларының пікірі осындай, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Бүгін Алмалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ғалымдар Жолдаудың басымдықтарын талқылады. Президенттің партия мүшесінен шығуы, суперпрезиденттік басқарудан бас тартуы оң өзгерістерге алып келеді дейді.  

«Қазір халқымыздың саяси белсенділігі артып келе жатыр. Азаматтық қоғам қалыптасуда. Бұл демократиялық басқару жүйесінің белгілері деп айтуға болады. Сондықтан біздегі қалыптасқан саяси жүйені реформалауымыз керек. Бұл – заман талабы, демократиялық өзгерістердің алғашқы белгілері деп айтуымызға болады», - деді ҚР БҒМ Ғылым комитеті саяси зерттеу орталығының директоры Нұркен Айтымбетов. 

Сондай-ақ Жолдауда еңбек нарығы, кәсіпкерлікті қолдау сынды бастамаларға ерекше маңыз берілді. Шараға жиналған көпшілік мемлекетіміздің әрбір тұрғыны осындай қиын сәтте жасалған Президент Жолдауының маңыздылығын ұғына отырып, ондағы тапсырмаларды жүзеге асыруға жұмыла еңбек ету керек деген пікір білдірді.  

«Жастар мәселесін айтты. Ол ерекше жағдай. Қазір интернетті пайдалану кезінде жаһандану мәселесін желеу етіп, түрлі ағымға бой ұрып кетіп жатқандар бар. Қаңтар оқиғасына байланысты сөз болды. Демократия – бетімен кету емес, оны дұрыс түсінуіміз керек», - дейді тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ердәулет Бердібаев.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир