|
20.09.2021 | 08:49
889

Қарағандыда 20 жастағы жігіт құрылыс алаңында көз жұмды

Қарағанды облысының полициясы бұл фактіні растады

© Sputnik / Александр Вильф

Қарағандыда құрылыс алаңдарының бірінде 20 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан құлап кетті. Қайғылы оқиға 18 қыркүйекте болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы полициясының баспасөз қызметі бұл фактіні растап, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

«Тиісті сараптамалар жасалады. Тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп толықтырды ведомство.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

жігіт
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир