|
26.02.2020 | 09:53
989

9 млн теңгенің азық-түлігін ұрлаған сержант сотталды

Әскери қызметкер "есептен шығарылды" деп әріптестеріне сатқан

ptzgovorit.ru

Семей гарнизонының әскери соты азық-түлік қоймасынан бір жылға жуық уақыт бойы азық-түлік ұрлаған сержантқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Сот барысында әскери бөлімнің азық-түлік қызмет қоймасының бастығы 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың мамырына дейінгі аралықтағы 3 900 азық-түлік жиынтығын жымқырғаны анықталған. Оны "есептен шығарылды" деп әріптестеріне сатқан. Осылайша қоймадан 8 951 022 теңгенің өнімі қолды болған", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот барысында тараптар процессуалды келісімге келген.

Ал ұрлық жасаған әскери қызметшінің 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ, ол "сержант" әскери шенінен айырылды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир