|
21.09.2021 | 09:53
844

Қостанайда жертөледегі жарылыстан зардап шеккен екі адам көз жұмды

Зардап шеккендер Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілген болатын

© AFP 2021 / SEBASTIEN BOZON

Қостанай қаласында болған жарылыста зардап шеккен екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Олар жарылыс салдарынан қатты күйік шалған. 1995 жылғы ер адам 19 қыркүйекте, 1984 жылғы азамат 20 қыркүйекте таңғы бесте көз жұмды.

Бейсенбі күні, 16 қыркүйекте Қостанайда жер үйдің жертөлесінде жарылыс болды. Куәгерлердің айтуынша, үш ер адам монтаждау көбігімен жұмыс істеп жатқан.

Зардап шеккен үш адам да Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілген болатын.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир