|
30.09.2022 | 10:10
561

Таразда ірі өрт: базардағы сауда бутиктері мен асхана жанып жатыр

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

inform.kz

Таразда құтқарушылар ірі өртті сөндіріп жатыр. Өрт "Береке" базарындағы асхана мен сауда бутиктерін шарпыған. Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Департаменті мәліметінше, өрт туралы қоңырау таңғы сағат 07:52-де түскен. Өрт Тараз қаласындағы Мәмбет батыр көшесі бойындағы "Береке" базарының асханасы мен сауда бутиктерінен шыққан.

"Оқиға орнына 56 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 08:30-да өртсөндірушілердің бірлескен күшімен оқшауланды, өртті сөндіру жалғасып жатыр", - деді Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир