|
18.09.2020 | 11:30
866

Өскеменде көпқабатты үй өртеніп, 30 адам эвакуацияланды

Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін

massaget.kz

Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 қыркүйек күні түнгі сағат 23:00-дер шамасында Бурова көшесіндегі көпқабатты үйде қызыл жалын шыққан. Тілсіз жау бірінші қабат балпалдағындағы электрқалқанды шарпыды. Оқиға орнына келіп жеткен №6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері ең алдымен тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Құтқарушылар түтін басқан подъезден 30 тұрғынды, оның ішінде бес баланы сыртқа шығарған. 

«Жалпы аумағы 0,5 шаршы метрді құраған өрт сағат 23:20-да сөндірілді. Электр есептегішінің пластикалық бөлшектері жанған. Зардап шеккендер болған жоқ»,–  деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир