|
24.06.2021 | 11:47
774

Филиппин әскери тікұшағы апатқа ұшырады

Экипаждың үш мүшесі және бортта болған тағы үш әскери мерт болды

Фото: ашық дереккөзден

Филиппин әскери-әуе күштерінің S-70i Black Hawk тікұшағы бейсенбіге қараған түні Маниланың солтүстігінде апатқа ұшырады. Экипаждың үш мүшесі және бортта болған тағы үш әскери мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

«Қазіргі уақытта апат орнынан бортта болған алты адамның ешқайсысы тірі табылмады»,– деп мәлім етті Филлипиндердің әскери-әуе күштері. 

Тікұшақ түнгі жаттықтыру ұшуы кезінде Тарлак провинциясындағы Капас қаласындағы әуе базасынан бірнеше миляда құлаған. Тікұшақты іздестіру шаралары оның базаға қайтып келмегені анықталғаннан кейін басталды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

тікұшақ құлады
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир