|
12.09.2019 | 14:28
1561

Ыстық көлдегі сұрапыл дауылдан бір адам жансақтау бөліміне түсті

Апат салдарынан 47 үй мен 19 шаруашылық, жылыжай мен кірпіш зауытына залал келген


Қырғызстанның Ыстықкөл облысында дауыл жүріп, бірнеше ғимаратты қиратып кетті. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 «Спутник қырғызстан» таратқан мәлімет бойынша, қатты жел кеше түнде болған. 


Табиғи апаттан келген шығын 55 миллион теңге. Көбіне электр желілері мен ғимараттардың шатырлары жұлынып кеткен. Апаттан екі адам жарақат алыпты. Біреуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Келесі науқасқа медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйне жіберілген. Ресми ақпаратқа сай, желдің жылдамдығы секундына 25 метрді құраған. 

Дауылдан 47 үй, 19 шаруашылық және жылыжай мен кірпіш зауыты зақымданған. Қазір ғимараттарды қалпына келтіру бойынша мәселелер қарастырылып жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир