|
17.09.2020 | 12:12
1021

Алматыда үй өртеніп, 3 адам құтқарылды

Өрт сөндірушілер үйге кіргенде пәтерде ес-түссіз жатқан ер адам табылды

inform.kz

Алматыда өрт сөндірушілер өртенген пәтерден 3 адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне Медеу ауданындағы Төлебаев көшесінде 8 қабатты үйдегі пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келген. 

Өрт сөндірушілер келгенде 3-ші қабаттағы пәтерден қою түтін шығып жатқан. 

«Астыңғы қабаттың тұрғындары үйлерінен шығып үлгерді. Өрт сөндірушілер үйге кіргенде пәтерде ес-түссіз жатқан ер адам табылды. Төргі бөлмеде матрац өртенген. Қасында тағы екі адам мас күйінде жатқан», –  деді ТЖД. 

49, 33, 52 жастағы ер адамдар токсикология бөліміне жеткізілді. Қазір олардың жағдайы жақсы. Өрт 18 минутта сөндірілді. 

ТЖД алматылықтарға төсекте жатып темекі шекпеуге кеңес береді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир