|
16.11.2019 | 12:27
1329

Жамбыл облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған күдікті ұсталды

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев өз Facebook парақшасында жазды

Жамбыл облысында полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев өз Facebook парақшасында жазды.

"Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «103» жедел жәрдем қызметінен Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген хабарлама келіп түсті.

Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының Полиция департаментімен Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлімі және 121-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жамбылдық полицейлермен ауыр қылмысты жасаған күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды. Жәбірленуші күдіктіні таныды. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", - деп жазды ол.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

күдікті Тараз
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир