|
18.01.2020 | 12:46
1518

Атырауда жаңа туған сәбиін тастап кеткен көкек ана ұсталды

Ведомствода бұл бап 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуы мүмкін

belnaviny.by

17-қаңтар күні Атырауда жаңа туған қызын жылу трассасында қалдырған әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz .

«ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен жаңа туған сәбиін тастаған қыз құрыққа ілінді. Ұсталған азамат 1998 жылы Орал қаласында туған. Ол Атырауға баланы туып, құтылуға арнайы келген», - деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Атырауда жаңа туған қыздың жылу трассасында табылғаны бойынша 119-баптың 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Сәрсенбі күні таңертең Авангард шағын ауданында үйлердің бірінің тұрғыны жаңа туған шарананы тапты. Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, жаңа туған нәрестелерді күту үшін кувезге орналастырылған. Осы факті бойынша «өмірге немесе денсаулыққа қауіпті жағдайдағы және жас шамасы, қарттығы, ауруы немесе өзге де дәрменсіз жай-күйі салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын қолдану мүмкіндігінен айырылған адамды көрінеу көмексіз қалдыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ведомствода бұл бап 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 45 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны қарастыратынын еске салды.

Абайсызда көмексіз қалдырылған адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет-екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұған дейін хабарланғандай, Атырауда кәріз коллекторының жанында жаңа туған сәбиді тауып алғанын хабарланған еді.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир