|
05.12.2021 | 13:03
841

Ақтөбеде "Land Cruiser" жүргізушісі 15 жастағы баланы қағып кетті

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 желтоқсанда кешке болған

© Sputnik / Владислав Воднев

Ақтөбеде Land Cruiser жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі  оқушыны қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.


Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 желтоқсанда кешке болған.


"Land Cruiser Prado автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Пацаев көшесі бойымен Ақтөбе жедел медициналық жәрдем станциясына қарама-қарсы реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында жаяу жүргіншіге жол бермеді.  2006 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кетті", – делінген ақпаратта.

Апат салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.


Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі ("жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Дереккөз: Sputnik.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир