|
28.06.2022 | 12:58
656

Өскеменде қатты желден екі баланың үстіне аялдама құлады

Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетуде

стоп кадр

Өскемен қаласында қатты желден екі баланың үстіне аялдама павильоны құлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық Тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 27 маусымда қатты желдің салдарынан шаһар бойынша коммуникация сымдары үзіліп, ағаштар құлады. Тротуарлар мен қала көшелерін ағаштар, үлкен бұтақтар жауып қалды. Сондай-ақ желден трамвайлар 3 бағытта уақытша қатынамады. Гагарин бульвары және Өтепов көшелеріндегі аялдама павильондары құлап, 10 және 12 жастағы екі қыз зардап шекті. Қазіргі уақытта олар қалалық ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетуде.

«Барлық жерге «Таза Өскемен» кәсіпорнының мамандары аттанды. 10 бригада арнайы техникалармен жолдарды, көшелерді тазартты. Гагарин бульвары аялдамасының павильоны «ҚазӘлем» атты мердігер компанияның кепілдігінде. Өтепов аялдамасына «Таза Өскемен» мекемесі қызмет көрсетеді. Осы екі жағдай бойынша жауапты ұйымдардың кінәсі бар-жоқтығын анықтау үшін ішкі аудит жүргізіледі», - делінген ақпаратта.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир