|
06.12.2022 | 13:33
844

Қостанайда кәріз құбыры жарылды

Жөндеу жұмыстарына 2-3 күн кетеді

Фото: ucononline.com

Бүгін таңертең Қостанай қаласындағы Маяковский көшесінде кәріз құбыры жарылып, су жол бойына жайылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгін таңертең сағат 06:45-те Қостанай қаласында Маяковский көшесі бойындағы қысым коллекторында апат болды. Салдарынан көшенің кәріз жүйесіндегі су жол бойына төгілді. Қазіргі уақытта «Қостанай Су» мамандары кәріз желісінің апат болған учаскесін жауып тастады. Жөндеу жұмыстарына 2-3 күн кетеді. Бұл апат қаланың тіршілігін қамтамасыз етуге кері әсер етпейді», - деп мәлім етті жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир