|
04.08.2022 | 14:27
917

Ақтауда 3 жігіт суға батып кетті

Шомылу маусымы басталғалы өңірде 10 адам суға батып қайтыс болған

365info.kz

Ақтаудан 43 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауында «Дунга» мұнай компаниясының сорғы станциясы ауданында үш адам суға батып көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы жағдай туралы хабарлама 3 тамызда сағат 16:38-де келіп түскен. 

"Сол жердегі тұрғындар 31 жастағы ер адамды құтқарған. Бірақ ол ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Ал құтқарушылар 35 және 31 жастағы азаматтардың мәйітін судан алып шықты" - делінген хабарламада. 

Жігіттер рұқсат етілмеген жерде суға түскен. 

Жалпы шомылу маусымы басталғалы өңірде 10 адам суға батып қайтыс болған. Оның біреуі – жасөспірім. 

Осы жағдайларды ескере отырып, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир