|
03.08.2020 | 14:29
1336

Алматыда футбол алаңы карантинге қарамастан қонақтар қабылдаған

Полицейлер ғимаратта жұмыс қызу жүріп жатқанын анықтаған

polisia.kz

Полиция Football Land футбол алаңының ғимаратына түн ортасында рейд жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер ғимаратта жұмыс қызу жүріп жатқанын анықтаған.

«Бұл карантинді қатаңдатуға байланысты шектеулі шараларға қарамастан болған. Көрсетілген мекеме басшылығының жауапсыздығының шыңы, ол көптеген адамның бір жерге жиналуына жағдай туғызды. Айта кетейік, 20 адам екі алаңда шағын футбол ойнады. Тағы 50-ге жуық адам жазғы алаңда болып, футбол матчының трансляциясын тамашалады. Сонымен қатар, келушілердің бәрінде бетперде жоқ болған, әрине, әлеуметтік қашықтықты сақталмағанын айтудың қажеті де жоқ шығар», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Құқық бұзушылар, оның ішінде мекеме қызметкерлерін, Түрксіб аудандық полиция Басқармасына алып барды, онда әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир