|
20.10.2019 | 14:35
1099

Ақсайда жол апатынан екі адам қайтыс болды

71 жастағы әйел мен 69 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды

inform.kz

Ақсай қаласында жол апатынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға «Нефтэк» жанар-жағармай құю стансасы маңында болған.

«Лада Гранта» қарсы бетке шығып кетіп, «ВАЗ-2114» автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге шақырту 07.25-те түскен.

71 жастағы әйел мен 69 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша жабық бас-ми жарақатын алып, денесі көгерген 33 жастағы ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир