|
28.11.2021 | 14:54
723

Дауыл салдарынан 112 мың адам жарықсыз қалды

3 адам мерт болды

Фото: ашық дереккөзден

Жұма күні кешке Ұлыбританияға келген «Арвен» дауылы салдарынан 3 адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бір күн бұрын Біріккен Корольдіктің метеорологиялық қызметі күшті желдің салдарынан ел аумағында қауіптің ең жоғары қызыл деңгейін жариялады. Дауылдың екпіні 44 м/с-ке жетті. Англияның солтүстігінде 112 мың адам электр желілерінің үзілуіне байланысты жарықсыз қалды. 

Сондай-ақ «Арвен» дауылы екпінді желден бөлек, Шотландия, солтүтік және орталық Англияға қар әкелген. Сенбі күні таңертең жел басылып, билік мұз бен қардың салдарынан ауа райы қолайсыз болатынын ескертті.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир