|
03.08.2020 | 15:17
1140

Үлкен Алматы өзенінде көлігін жуған жүргізушіге айыппұл салынды

Көлік жүргізушісі дереу анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді

polisia.kz

Үлкен Алматы өзенінде жол талғамайтын көлігін жуған жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалық Полициясы департаментінің хабарлауынша, Үлкен Алматы өзеніне қарай бет алған «Range Rover» көлігінің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. 

«Көлік жүргізушісі дереу анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол 1985 жылы тулған Б. есімді азамат. Бұл оқиға 30 шілде күні болған. Ол өзінің көлігінің дөңгелектерін жуу үшін өзенге барғанын түсіндірді. Кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК 434-2-бабына сәйкес құқық бұзушы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, 5 АЕК (13 мың 890 теңге) көлемінде айыппұл салынды»,– деді Алматы қаласының жергілікті полиция басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир