|
04.08.2022 | 15:34
707

Алматы-Өскемен тасжолында велосипедші көз жұмды

Қажетті сараптамалар тағайындалды

newsroom.kz

Алматы облысында 51 жастағы велосипедшіні көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2 тамыз күні түнгі сағат 22:50-де велосипед мінген адамды көлік қағып, мерт қылды. Оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 19-шақырымында болған. "Мазда" көлігінің 49 жастағы тұрғыны белгіленбеген жерден велосипедпен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Қазір аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тергеліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, көз жұмған азамат Іле ауданының тұрғыны болған.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир