|
03.06.2020 | 15:57
1332

Алматыда салынып жатқан ғимарат өртенді

Ғимараттың шатырында газ баллоны жарылғаны анықталды

Алматыда бүгін тағы да өрт шықты. Бұл жолы өрт Шығыс айналма көлік жолында салынып жатқан мектеп ғимаратында тұтанған. Әлеуметтік желіге тараған видеода жалынның қатты болғанын байқауға болады. Тіпті, кейбір кадрларда жарылыстың даусы естіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өрттің шығуы туралы қоңырау Төтенше жағдайлар департаментіне түскі сағат 13.00-де түскен. Газ баллонының жарылғанын төтеншеліктер де растады.

Жалпы, өрт 700 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, тілсіз жау Медеу ауданына қарасты Сағадат Нұрмағамбетов көшесінің бойында орын алған, яғни аяғына дейін салынып бітпеген құрылыс алаңдарының төбесінен басталған. Бүгінде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«4 техника 17 жеке құрам жұмылдырылды. Өрттің тарап кетпеуіне  байланысты жол жабылды. Өрт 14: 23 минутта толықтай ауыздықталды», – деді Медеу ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Медет БЕЙІСБАЕВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир