|
11.09.2019 | 16:03
1544

Алматыда 1 сынып оқушысы мектеп терезесінен құлап кетті

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі оны аңдаусызда кабинетке қамап кеткен

Алматы қаласында бірінші сынып оқушысы мектептің терезесінен құлап кетті. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Қалалақ денсаулық сақтау басқармасындағылар аталған ақпаратты растады, деп хабарлайды Stan.kz.  

Оқиға куәгерінің әлеуметтік желілерде тараған ақпаратына сәйкес, оқиға №80 мектепте орын алған. Айтуынша, қазақ тілі пәнінің мұғалімі аңдаусызда 1 сынып оқушысын кабинетке қамап кеткен. Балалар оқушының сыныпта жалғыз қалғанын айтқан. Мұғалім сыныпты тексерген кезде, оқушы партаның астына иіліп, көрінбей қалған. Артынша сыныптың жабық екенін көріп, шошыған оқушы терезеден секіріп кетіпті. Оны жоғары сынып оқушылары тауып алған. Оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар аталған ақпаратты растады. Олардың мәліметінше, мектептің екінші қабатының терезесінен құлап кеткен оқушы бас сүйек-ми жарақатын алып, миы шайқалып, кәрі жілігі сынған. Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты деп бағалап отыр.

«Балаға қосарлас жарақат, бас сүйек-мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, көкірек қуысының жарақаттануы, көкірек қуысы ағзаларының жаралануы, кәрі жілігінің жабық сынығы диагнозы қойылды. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Бүгінде әрі қарай ем-дом жасалуы үшін травматология бөліміне ауыстырылды», – дейді Денсаулық сақтау басқармасы мамандары.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир