|
03.03.2021 | 16:09
1122

Қарағандыда көпқабатты үйдің дәлізінен көрпеге оралған сәби табылды

Бала ауруханаға жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды қаласының 15-ықшамауданында үйдің дәлізінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылды. Көкек ана іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап. 

3 наурыз күні сағат 00.15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшамауданда үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткені туралы хабарлама түсті. 

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. 

Бала ауруханаға жеткізілді. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабының 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау үшін жұмыс жүргізуде.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир