|
03.08.2021 | 16:10
1671

Алматы облысында жол апатынан бір адам мерт болды

Жүргізуші Талғар ауруханасына жеткізілді

© Sputnik / Стрингер

Сейсенбіге қараған түні Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының маңында жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Алматы облысы полиция департаментінде Toyota Rav-4 көлігінің 38 жастағы жүргізушісі ағашқа соқтығысқанын хабарлады. Бұдан соң көлік аударылған.

Алған жарақат салдарынан 33 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші Талғар ауруханасына жеткізілді.

Іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша ("жол қозғалысын немесе көлікті қолдану ережесін бұзу") қаралады. Барлық тиісті сараптама тағайындалды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир