|
05.12.2019 | 17:39
1643

Қостанайда сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйел ұсталды

Көкек ананың кінәсі дәлелденсе, ол төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін

zakon.kz

Қостанай қаласында жаңа туған баласын қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Қостанай полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы әйелді анықтады. Ол Қостанай қаласында тұрады. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы («Жаңа туған баланы анасының өлтіруі») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды», - делінген полицияның ақпаратында.

Бұл дерек тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Көкек ананың кінәсі дәлелденсе, ол төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, Қостанайдағы «Әуежай» шағынауданында қоқыс контейнерінен жаңа туған шақалақтың денесі табылды.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир