|
06.12.2022 | 17:11
875

Екібастұз ЖЭО қызметкерінің өліміне қатысты полиция түсініктеме берді

Факт полиция департаментінде тіркелген, қазір тексеру жүріп жатыр

Almaty.tv

Екібастұздағы жылу электр орталығының көз жұмған қызметкер газдан улануы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Павлодар облысы полицейлерінің ақпарына сай, 33 жастағы ер адам әйелімен ренжісіп қалған соң гаражға кетіп, көлігін оталдырған. Кейін ұйықтап кетіп, иістеніп қайтыс болуы ықтимал. Бұл факт полиция департаментінде тіркелген, қазір тексеру жүріп жатыр.

«Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жағдай отбасылық жанжалдың салдарынан болған, марқұмның қызметімен байланысты емес. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Ал Екібастұздағы үйлерге жылу беріліп жатыр екен. Вице-премьер Серік Жұманғариннің сөзіне сенсек, енді үйдің ішіндегі батареяларды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Кеше хабар берді. Жылу 100 пайыз берді деп. Бірақ, қиындықтар үйдің ішінде. Батареялары жарылып жатыр. Сол батареяларды алмастырып жатыр. Бірақ 100 пайыз үйлерге жылу берілді. Бүкіл шығынды компанияның иелері өтейді деп келістік», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир