|
28.11.2022 | 17:16
480

Қызылорда облысында жүк көлігі өртеніп кетті

Оқиға 27 қараша сағат 19.40 шамасында болған

дереккөзден

Қызылорда облысында жол бойында жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға 27 қараша сағат 19.40 шамасында болған.

112 құтқару қызметіне «Самара-Шымкент» трассасының Арал ауданы аумағындағы 1340 шақырымында жүк көлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен.

«Хабарлама бойынша өртке қарсы қызметтен бір техника, 7 қызметкер жұмылдырылды. Барлау нәтижесінде Ресейден Тәжікстанға бағыт алған Volvo жүк автокөлігінің тіркемесіне тиелген тұрмыстық техника мен жиһаздар толығымен жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының нәтижесінде жалынның жүк көлігі кабинасына таралуына жол берілмеді», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ведомство мәліметінше, өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр.

Жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ. Тілсіз жау 20.27-де оқшауланып, 20.53-те толығымен сөндірілді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир