|
27.11.2021 | 18:16
775

Ақтөбеде жоғалған геологтар табылды

Олар 25 қараша күні соңғы рет байланысқа шығып, кейін хабар-ошарсыз қалған

ҚазАқпарат

Ақтөбеде жоғалған геологтар табылды. Оларды жағдайы жақсы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, із-түзсіз кеткен геологтар қыстақтан табылды. 

«Бүгін сағат 14:50-де жоғалып кеткен геологтар байланысқа шығып, «Қисықсай» қыстағынан аман-есен табылды. Жағдайлары жақсы, медициналық көмек қажет болмады. Қазіргі уақытта табылған 4 геолог Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылына жеткізілуде»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 26 қарашадан бастап геологтарға іздеу жарияланды. Олар 25 қараша күні соңғы рет байланысқа шығып, кейін хабар-ошарсыз қалған. Құрамында 33 адам және 8 бірлік техникадан тұратын 5 іздеу тобы жұмылдырылды. Ал бүгін авиа іздеу үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ еврокоптері (Ақтөбе-Құмсай-Қайрақты-Қайыңды-Милысай-Аралтоғай) ұшты.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир