|
19.01.2020 | 19:29
1710

БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы Бөрлі-Пугачев жолы бойында болды

stv24.tv

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы Бөрлі-Пугачев жолы бойында, Пугачев ауылы маңында 19 қаңтар күні болды. «с» және «Лада Ларгус» автокөліктері түйіскен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға орнына қос бірдей жедел жәрдем бригадасы жетті. Пугачев ауылынан да медицина қызметкері шықты. Екі ер адам оқиға орнында көз жұмды. Оған қоса 2001 және 2004 жылғы қыздар, 1996 жылғы жігіт пен 1988 жылғы ер адам түрлі жарақаттармен Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир