|
05.04.2021 | 19:57
2465

Балалар үйінен қашып кеткен қыздардың не себепті Алматыға келгені белгілі болды

Қажетті құжаттары толтырылып, Қызылодадағы балалар үйіне жіберілді

Stan.kz

Қызылордадағы балалар үйінен қашып кеткен үшінші қыз да Алматыдан табылды. Ол жергілікті «Атамекен» балалар үйінің тәрбиеленушісі. Жасы 16-да. Осыдан 10 күн бұрын кәмелет жасына толмаған 3 тәрбиеленуші қыз іс-түссіз жоғалып кеткен болатын. Олардың екеуі 27 наурыздан Алматыдан табылған. Олар әлеуметтік желіде Алматыдағы бейтаныс жігітпен танысып, осында келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Іздестіру нәтижесінде Темиур мен Ділда көлік жуудан табылды. Қазір Темурмен құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Ал Ділдамен психологиялық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – деді  «Атамекен» балалар ауылы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Тынымбайқызы.

Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, қыздың жағдайы жақсы. Қажетті құжаттары толтырылып, Қызылодадағы балалар үйіне жіберілді.

«Қызылорда облыстық полиция департаменті Алматы қалалық полициясымен бірлесіп 3 сәуірде Ділдә Нұғманованы Алматыдан тапты. Қазір оқиға бойынша мән жай анықталып жатқанын айтты», деді  облыстық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Еркін Тұнғышбаев.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир