|
09.04.2020 | 21:08
1112

Алматыда ТЖ тәртібін бұзған мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алғашқыда тек блок-бекеттерге қатаң тексеру жүргізген полицейлер бүгінде қала ішіндегі жағдайды да жіті назарға алған

Фото: kolesa.kz

Алматыда төтенше жағдай кезінде карантин тәртібін бұзған мыңға жуық адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған,  деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Алғашқыда тек блок-бекеттерге қатаң тексеру жүргізген полицейлер бүгінде қала ішіндегі жағдайды да жіті назарға алған. Тәртіп сақшылары енді қоғамдық көліктермен жүріп-тұратын тұрғындарды тексеру жұмыстарын бастап кетті. Жалпы қалалықтар құзырлы орындардың енгізген ережесін қаншалықты ұстанып жатыр? Карантинде қоғамдық көлікпен кімдер жиі қатынайды және оларға рұқсат бар ма?

Бүкіл ел болып дүрлігіп, карантин деп жан-жақтан дабыл қағып жатса да ескертулерге пысқырмайтындар да бар екен. Алматыда карантин кезінде келушілерді қабылдаған рестобар анықталды. Түннің бір уағында бардың 10 қызметкері 12 қонаққа қызмет көрсетіп жүрген. Келушілер мен қызметкерлердің арасында екі кәмелетке толмаған бала болыпты. Ал қызметкерлердің ішіндегі үшеуі Өзбекстан елінің азаматы.

«Басты есігі айқара ашық болса да, келіп-кетушілер қай есіктен кіретінін нақты білген. 22 азаматтың барлығына әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жөнелтіледі. Арасында 2 жасөспірім анықталды, 13 жасар бозбалалар. Олардың ата-аналарына қатысты да әкімшілік хаттамалар толтырылды»,  – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Тәртіп сақшылары қаладағы жағдайды барынша бақылауда ұстауға тырысуда. Полицейлер бұған дейін көшедегі адамдардың жүріп-тұруын тексерген болса, енді олар қоғамдық көліктердегі жағдайды бақылауды қолға алған.

Бүгін біз Алмалы аудандық полиция басқармасының өкілдерімен бірге арнайы рейдке шығуды жөн көрдік. Төтенше жағдай кезінде алматылықтар қаншалықты карантин тәртібін сақтап жүр және қоғамдық көлікпен себепсіз қатынап жүрген адамдар бар ма, жоқ па?

Полицейлер жолаушыларды осылайша тексереді. Яғни, жеке сәйкестендіру нөмірін бірыңғай базаға енгізу арқылы тұрғынның жүріп-тұруға рұқсаты бар-жоғын анықтайды. Бірнеше автобусты тексерген тәртіп сақшылары заң бұзған жолаушыларды жолықтырмады.

«Автобуспен жүретін жолаушылардың көбі жұмысшылар. Оның ішінде медицина қызметкерлері, шағын компаниялардың жұмысшылары, азық-түлік тасымалдайтын сауда өкілдері, дүкен қызметкерлері. Барлығында рұқсат етілген анықтамалары бар. Себепсіз жүрген адамдар әзірге кезікпеді», – деді қалалық Полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Гүлбану САБРАЛИЕВА.

Сонымен қатар автобуспен емханаға, орталық дәріханаға, жоспарлы ем-дом шараларына баратын тұрғындар да кездеседі дейді мамандар.

Блиц:

–  Жұмысқа қазір шықыртып жатыр...соған бара жатырмын..

–  Күнде осылай қатынайсыз ба?

–  Иә, бірақ тоқтатқан, бүгін шақырып жатыр.

– Анықтамаңыз ба ма?

–  Конечно есть, я торговый представитель.

Жалпы қоғамдық көліктегі тексеріс кезінде бірыңғай базадан табылмасаңыз, айыппұл салынбайды, тек ескерту жасалады. Мұндай жұмыстардың мақсаты да сол – халыққа төнген қауіпті кеңінен түсіндіру. Қоғамдық көліктердегі жолаушыларды тексеру жүргізуді полиция өкілдері үш күн бұрын бастаған. Енді бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табатын болады

Назкен Еркін, Арсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир