|
07.04.2022 | 10:22
922

Иманбектің Еуропа мен АҚШ-та жеке туры өтеді

Бұл туралы Иманбек Instagram парақшасында жазды

ашық дереккөз

Қазақстандық диджей, Грэмми сыйлығының иегері Иманбек (Imanbek) Зейкенов әлемдік турын жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Рахмет» туры жарияланды. Уақыты туралы хабардар болыңыздар», - деп жазды Иманбек Instagram парақшасында.

ҚазАқпарат мәліметінше, диджейдің музыкалық туры 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлығы 24 концерт береді деп жоспарланып отыр.

Тур барысында Иманбек Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Германия және Латын Америкасы елдерінде концерт бермек.

Еске сала кетейік, қазақстандық музыкант өткен жылы әйгілі Грэмми сыйлығын жеңіп алды.

Сондай-ақ жерлесіміз Ресейдің GQ журналының жыл сайынғы сыйлығында «Жыл жаңалығы» аталымында жеңіске жетті.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир