|
12.10.2021 | 10:29
2021

Димаш Құдайберген Қытайда қандай жобаға қатысатынын айтты

Әнші шоудың түсірілімі үшін Бейжіңнен Уси қаласына барды

Димаштың Іnstagram парақшасынан

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда телешоуға қатысатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бейжіңнен Уси қаласына ұшып келдік. Жақын арада бір қызықты бағдарламаға қатысқалы жатырмын. Бұл жобада Қытайда танымал әртістер 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлініп, өзара топ ойындарын жүргізеді. Бұл ешқандай да вокалдық сайыс емес. Өйткені жобада танымал әнші, актер, репер, бишілерден топ жасақталып, сол топты жоба соңына дейін жеткізу қажет. Бұл жоба сіздер үшін де қызық болады деп ойлаймын» – деп жазды әнші Іnstagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық әнші «әлемдік шоу-бизнесте жұмысын жалғастыру үшін» Қытай сахнасына қайта оралуға ниетті екенін мәлімдеген болатын.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир