|
15.06.2021 | 23:18
4218

Гүлзира Айдарбекова шоу бизнестің ел білмейтін қыр-сыры туралы кітап шығармақ

Қазір сол кітапты аяқтауды жоспарлап жүрмін

almaty.tv

Қазақс эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзінің қаламынан туған кітапты жарыққа шығаруды жоспарлап жүр. Бұл жинақта шоу-бизнестегі біраз ащы шындығы бүкпесіз баяндалмақ, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Продюсер бұл туралы «PAPARAZI» бағдарламасында айтты.

«Мен негізі кітапты екі жыл бұрын жаздым. Бірақ ішіндегі кейбір кейіпкерлер ренжіп, өкпеледі. «Шығармаңызшы, олай жазбаңызшы» деген өтініш көп болды. Мен негізі өмірде не болды, қалай бар, солай шындықты жазған болатынмын. Содан кейін ол кітаптың жазылуы мен шығуы тоқтап қалған болатын. Кейін уақыт болғанда қайта жалғастырамын деген ой болған. Қазір сол кітапты аяқтауды жоспарлап жүрмін», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Гүлзира Айдарбекованың келіні Жұлдыз Абдукаримованың «Сезін» атты қолжазбалар жинағы жарық көргенін есіңізге сала кетейік. Осы орайда келін мен ененің арасында шығармашылық бәсекенің нағыз ұшқыны байқалады.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир