|
20.09.2021 | 12:00
3767

«Қойшы бала» қазір қайда жүр

Оның ерекше дауысы шоу-бизнес жұлдыздарының да назарына іліккен

jiger_auypbaev instagram парақшасынан

Бұрын далада емін-еркін ән салған «қойшы бала» енді қалада шығармашылығын шыңдамақ. Шәкіртінің өнерімен қатар сабақ үлгерімін де жіті бақылауға бел буған әнші Айдос Кәденді Алматыдағы мектептердің біріне ауыстыру туралы өтініш жазған. Бұл туралы  «Алматы»  телеарнасындағы Рaparazzi бағдарламасында әнші Жігер Ауыпбаев айтты. 

«Ұстаздық қызметке көңіл бөліп жатырмын. Қазіргі таңда «қойшы бала» ғаламторда жақсы танылып жатыр. Айдос Кәден інімді баптап, үлкен сахнаға әндерін жазып, халықтың алдына қомақты дүниелер жасап шығаратын боламыз», – деді әнші.

Айта кетейік, оның ерекше дауысы тек әлеуметтік желі қолданушыларының емес, шоу-бизнес жұлдыздарының да назарына іліккен.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

әнші ән
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир