|
15.10.2021 | 12:40
4537

72 жастағы Алла Пугачеваның сыртқы келбеті жұртты таңғалдырды

Примадонна жұрт алдына қысқа шашпен шықты, Пугачеваның суреттері әлеуметтік желілерде жарияланды

spletnik.ru

72 жастағы ресейлік әнші Алла Пугачева имиджін түбегейлі өзгертті. Композитор Игорь Николаевтың қызының туған күнінде әнші қысқа шашпен келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Instagram-да жарияланған суреттерге қарағанда әртіс отбасылық мерекеге күйеуі Максим Галкинмен және сегіз жасар егіздер Лиза және Гарримен бірге келген.

Желідегі суретке пікір қалдырған қолданушылар әншіні бірден танымаған.

«Алла Борисовна, мен сізді танымай қалдым, керемет жарасып тұр!», «Таңғаларлықтай жас көрінеді», «Пугачева шашын қиған ба?», – деп жазды ән сүйер қауым.

Алла Пугачева – ресейлік әнші, продюсер, режиссер, актриса, жүргізуші. Ол «Арлекино» әнін орындағаннан кейін жұртшылыққа кеңінен таныла бастады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир