|
07.04.2022 | 12:36
1198

Жұлдыз Әбдікәрімова: Қасиетті ай болса да, қасиетімізден айырар сөз қуу, өсек айту тоқтамай тұр

Отбасыңды да, жұмысыңды да, кѳршiңдi де, құдаңды да жамандағаныңмен, ешкім өзінің жақсысын саған әкеп бермейді

Фото: ашық дереккөзден

"Хайптау да, айыптау да емес, балаларымның бақытынан асқан таңдау жоқ". Осылай деген актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Хайптау да, айыптау да менікі емес. Сондықтан болар 1045 рет түрлi арнаның журналисі хабарласып, "ақылы" сұхбатқа шақырса да бастартып жүргенмін. Сол бастартқанымнан да шығар, түрлі тақырыппен ақылға қонымсыз дүниені жазып жатқаны. Сұрақ шыққан жерден жауап та шығады. Сол үшін әркімге барып ақтарылып, ақыл сұрау да маған жат. Осымен бұл әңгіме жабылсын. Себебі 1 секундтан кейін алдымызда не күтіп тұрғанын білмейтiн пенде үшiн ертең не болары құдайға ғана мәлім.

Хайп керек болмағаныдықтан болар, ел менiң жақтауымды, мақтауымды естімегені және өздеріңіз өсіріп жатқан статистикамды бiр де бір ақталуымды, даттауымды, көрмегені.

Бiр бiлерiм, үшін баламның бақытынан асқан таңдау жоқ. Мен сіздердің пікіріңізді сыйлаймын, түсіністікпен қараймын.

Фариза апамыз айтқандай, "Жамандасаң әкенді, саған әкеп, жақсы әкесін бере ме басқа бала...". Отбасыңды да, жұмысыңды да, кѳршiңдi де, құдаңды да жамандағаныңмен, ешкім өзінің жақсысын саған әкеп бермейді. 

Қасиетті ай болса да қасиетімізден айырар сөз қуу, өсек айту тоқтамай тұр. Кеше бірнеше пабликке көзім түсті, мені қайта-қайта белгілеп жатыр екен", - деп жазба жазды.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир