|
07.07.2021 | 14:24
7531

«Жыл тойы»: блогер Ахон Бержан үйлену тойына қанша қаражат жұмсады

Жас-жұбайлардың үйлену тойын әлеуметтік желіде миллионнан астам адам тікелей эфирде көрген

 Блогер Ахон Бержан 7 жыл бірге жүрген Диляра есімді қызбен үйленді. Жас-жұбайлардың үйлену тойын әлеуметтік желіде миллионнан астам адам тікелей эфирде көрген. Қазіргі уақытта көрілім саны  2 миллионға жақындап қалған. Блогерлік жұптың қуанышқа толы үйлену тойы мерекесіне 25-30 млн теңге жұмасалған, деп хабарлайды Almaty.tv.  Бұл туралы блогер «Таңғы  студия» бағдарламасында айтып берді. 

«Бірінші күні қыз ұзату және келесі күні өткен үйлену тойымызды бір ғана инстаграм әлеуметтік желісінде миллионнан астам адам тікелей эфирде қарап отырды. Бүгінге дейін ол тойдың қаралымы 1,5 миллионға жетті. Жалпы тойдың шығындарына 25-30 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Жұмсалған қаржының бәрін өз еңбегіммен таптым. Үйлену тойымды өзім, шығармашылықта жеткен жетістігімнің, блогер достарымның қолдауының нәтижесінде қызықты өтті деп ойлаймын», ‒ деді Ахон Бержан.

Жалпы бұл үйлену тойы әлеуметтік желіде ең көп талқыланған, әртүрлі көңіл көтеретін ойын-сауық, шоу бағдарламаларынан құралған той болды. Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірінше,  бұл тойды «Жыл тойы» деп атауға әбден болады. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

блогер
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир