|
03.12.2021 | 14:02
6303

Бір күнде жұлдызға айналған келіншек: Әнші болуды армандаған емеспін

Ол құрылыста жұмыс істеп жүріп, жұлдыз болып кеткеніне әлі таңғалып жұр

Almaty.tv

Бір күнде әлеуметтік желіде жұлдызға айналған Гүлмайдан Серікбай «Алматы» телеарнасы Таңғы STUDIO бағдарламасына эксклюзив сұхбат берді.

Гүлмайданға бұрын аяқсыз қалған оқуын әнші Сәкен Майғазиев Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында қайта жалғастыруға мүмкіндік берген.

«Маған кеше Сәкен Майғазиев ағамыз хабарласып, "Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынның ректорымен сөйлесіп қойдым, оқуыңды қайта жалғастыруыңа болады" деп айтты», – деді Гүлмайдан.

Ол құрылыста жұмыс істеп жүріп, жұлдыз болып кеткеніне әлі таңғалып жұр.

«Бақ шаба ма, бап шаба ма дегендей, бағым шығар деп ойлаймын. Әлі де таңғалып жүрмін. Видеоның желіге тарағанына бір апта уақыт болды. Негізі, ол видеода құрбым екеуіміз мектептің ішіне әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанбыз. Осы аз уақыт ішінде көпшілікке таңылып үлгердім», – дейді желі жұлдызы.

Гүлмайданның айтуынша, өзі танымал әнші болуды армандамаған екен. 

«Мен әнші ретінде жұлдыз болуға қатты қызыққан емеспін. Менен де басқа әншілер бар ғой деп ойлайтынмын. Бірақ «Сенің дауысың керемет» деп желіге түсіріп салғысы келгендер көп болды», – дейді Гүлмайдан.

Гүлмайданның Алматыға арман қуып келгеніне небәрі төрт ай болған. Оның басты мақсаты – материалдық жағдайын жасап, қаланың тыныс-тіршілігімен танысу.

«Алматыға шілде айында Қызылордадан келдім. Бұрын мейрамханалар мен кафелерде ән айтқанмын. Карантин кезінде бәрі жабылып қалды. Ақша тауып, күн көру керек болды. Сол үшін құрылыс саласына бардым», – дейді ол.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

Автор

автор Назым Қыдырбайқызы
Назым Қыдырбайқызы
редактор
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир