|
26.07.2021 | 13:45
7884

Айжұлдыз Адайбекова: Қыран інімдей болып кетті

Экс-күйеуінің сұхбатын көрген ол екіқабат әйелдерге қажетті қолдау жайлы сөз қозғады

Фото: Видеодан кадр

Қыран Талапбек Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқанымен, одан туған баласынан бас тартпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  nege.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы ол Қуаныш Шонбайдың «Төртеу түгел болса» бағдарламасында айтты.

«Үйлендім, ажырастым. Отбасы бола алмадым. 3 жыл жақсы көрген қызға үйлендім», – деген Қыран ел арасында тараған «баласын тастап кетіпті» деген әңгіменің нүктесін қойды.

«Мен баламнан ешқашан бас тартқан емеспін. Мен әрдайым оны бағуға, көмектесуге, жағдайын жасауға, әкелік тәрбие беруге әрқашан дайынмын. Аллаға шүкір, оған мүмкіндігім жетеді», – деді ол.

Өз кезегінде Айжұлдыз Адайбекова да үнсіз қалмады. Экс-күйеуінің сұхбатын көрген ол екіқабат әйелдерге қажетті қолдау жайлы сөз қозғады.

«Екіқабат әйелдерді бағалаңыздар. Олар қорғансыз және күйеулерінің қолдауына зәру. Шын айтамын!

Мен барлық ауыртпашылықты басымнан өткердім, бойымда ешқандай қорқыныш жоқ. Елдің сөзінен немесе басқадан қорықпаймын. Маған осы видеоны жіберіп, direct өртеніп жатыр.

Нүктесін қояйын десем, үнемі бір хайп шығады.

Қысқасы, достар! Мен оны кешірдім. Онымен сөйлесе де аламын. Інімдей болып кетті. Бұл – менің өмірім және өткенімнен ешқайда қашпаймын. Қабылдаймын! Екеумізге де оңай болмаған шығар...

Сәттілік тілеймін! Мен ойыннан шықтым. Мен-ақ кінәлі болайыншы. Ол жарады, ал мен жоқ. Болды», – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир