|
28.01.2021 | 14:17
5373

Танымал тиктокерлер айына қанша табыс табады

Бұл туралы тиктокерлер Гүльзана Талғат, Таир Қали, Диас Алпысбаев «Алматы» телеарнасының «Таңғы студио» бағдарламасында айтты

Фото: almaty.tv

Қазақстанда жастар арасында кеңінен танымал тиктокерлер айына қанша табыс табатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы тиктокерлер Гүльзана Талғат, Таир Қали, Диас Алпысбаев «Алматы» телеарнасының «Таңғы студио» бағдарламасында айтты. 

Tiktok – қысқа музыкалық видеолар мен тікелей эфирді түсіруге және түрлі хабарлармен алмасуға мүмкіндік беретін платформа. Бүгінде тиктокте көрермені көп саналатын жастар видео түсіру арқылы айына қанша табыс табатынын айтты.

«Айына қанша табыс табатынымызды айта алмаймын, бірақ жақсы өмір сүруімізге жеткілікті», – деп жауап берді Таир Қали.

Тиктокерлер жұмыс істеулеріне ыңғайлы болуы үшін TikTok House-та бірге тұрып жатқан көрінеді.

«TikTok House-та жарты жылдан бері бәріміз бірге тұрып жатырмыз. Қазір сегіз адам бар: 5 жігіт, 3 қыз. Қыз бен жігіттер тең болуы үшін қыздардың санын көбейтеміз», –  дейді Таир Қали.

Жастар TikTok House-тағы күн тәртібі мен видео түсірудегі қызықтары туралы да айтты. Толығырақ «Таңғы студио» бағдарламасынан көре аласыздар.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир