|
03.03.2021 | 15:28
2238

RaiM & Artur дуэтінің әншісі үйленді

Артур фотода болашақ жарының түрін жауып қойған

@davletyarov.artur

Қазақстанық шоу-бизнесте өзіндік орны бар RaiM & Artur дуэтінің әншісі Артур Дәулетияров үйленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі nur.kz сайтына сілтеме жасап.

RaiM & Artur дуэтінде өнер көрсетіп қалың көпшілікке танылған Артур Дәулетияров отау құрды. Талай қыздың арманына айналған әнші өзінің ресми түрде бойдақтар тізімінен шыққанын Instagram желісінде айтқан. Ол жеке парақшасында қалыңдығымен түскен фотосын жариялап қойды. 

«Не айтарымды да білмей тұрмын. Қысқасы, мен бақыттымын», – деп жазды Артур. 

Алайда, өнер иесі жүрегін жаулаған бойжеткенді халыққа әзірге көрсетуге дайын емес болып шықты. Артур фотода болашақ жарының түрін жауып қойған. Бұл жаңалық әртістің табынушы қыздарының жүрегін жаралағаны анық. Олар өз сүйікті жұлдызының отбасын құрғанына сенбей, кейбірі, тіпті, оның үйленгенін пранк деп ойлады.

Дегенмен, желідегілердің басым көпшілігі өз бақытын тапқан Дәулетияровты құттықтап, өз ақ тілегін жолдады. «Шынымен үйленіп кетті ме? Қалайша болғаны?» , «Біз оны күтіп жүрсек», «Бақытты бол, бауырым. Сен соған лайықсың» , «Артур таңғалдырдың. Қайта жанкүйерлеріңнен жасырмай айтқансың. Жарадың» , «Махаббаттарың баянды болсын» , «Құтты болсын. Сен үшін қуаныштымыз», «Енді Райымның кезегі келді ме?» , «Минус бір бойдақ», «Келіншегіңді қашан көрсетесің?», – деп жазды көпшілік.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир