|
24.05.2021 | 16:17
3315

Кенталдың желідегі оқырмандары сәбиіне есім қоюға көмектесті

Бұл туралы әнші Paparazzi бағдарламасында айтты

Almaty.tv

Кентал лақап атымен көпшілікке танымал әнші Талғат Кенжеболатов 34 жасында алғаш рет әке атанды. Сүйікті жары оған шекесі торсықтай ұл сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұл туралы әнші Paparazzi бағдарламасында айтты.

«13 мамыр таңғы 4:50-де баламды дүниеге алып келдім. Салмағы 3 кг 800 гр, бойы 55 см», – деді әншінің жары Милана.

Сондай-ақ, жас жұбайлардың жүрегі сәбиінің ұл болатынын алдын ала сезгенін айтты.

«Ультрадыбыстық зерттеу арқылы жынысын білгенде аса таң қалмадық. Әрине, қуандық. Дегенмен біз әу бастан ұл бала дүниеге келетінін іштей сездік. Неге екенін білмеймін, бірақ сезгеніміздей ұл болды», – деді сүйіктісі.

Алғашқы сәбиге ат қою міндеті әдетегідей үйдің үлкендеріне, яғни Талғаттың әкесі Амарға жүктеліпті. Онымен қоса, Кенталдың инста оқырмандары да бұл жауапты іске ортақтасып әдемі есімдерді ұсынған. Ортақ шешіммен әншінің тұңғышына Азамат есімі таңдалған.

«Қазақ ұл баланы ұрпақ жалғасы, шаңырақтың иесі деп білген. Азамат отбасымыздағы алғашқы ұл бала. Сол себепті баламның есімін әкем өзі қойсын деп шештік. Ақылдаса келе балама Азамат деген есімді таңдадық», – деді Кентал.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир