|
24.04.2021 | 16:30
7184

Аяғы ауыр Мөлдір Әуелбекова КешYOU тобының 15 жылдық мерейтойында ән салды

Әуелбекова күйеуімен бір-бірін танымастан шариғат бойынша үш-ақ рет көрісіп үйленгенін айтқан болатын

Фото: ашық дереккөзден алынды

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жақында екінші сәбиін дүниеге әкеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол КешYOU тобының 15 жылдық мерейтойына арналған түсірілім кезінде «Әдемі қыз» әнін орындады. Ақ орамал мен ақ көйлек киген Мөлдір Әуелбекованың аяғы ауыр екенін 

бұрынғы продюсері Баян Мақсатқызының Instagram парақшасынан көруге болады.


Әнші өткен жылғы Рамазан айында екінші рет тұрмысқа шыққанын мәлімдеген еді.

«Ал, халқым! Қасиетті Рамазан айында Алланың қалауымен екі дүркін орамалды болдым! Әлхамдулиллях! Құтты болсын!»,  деп жазған.

Сонымен қатар, Әуелбекова күйеуімен  бір-бірін танымастан шариғат бойынша үш-ақ рет көрісіп үйленгенін айтқан болатын

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир