|
06.10.2021 | 16:48
1253

«КешYOU» тобының экс-солисі сұлулық салонында жұмыс істеп жүр

Мен үшін өнер екінші орында тұрады – әнші

«КешYOU» тобының экс-солисі Элизат Берікова кәсіпкерлікке бет бұрды. Енді әнші үшін өнер екінші орында болмақ. Бұл туралы әнші «Алматы» телеарнасы «Таңғы STUDIO» бағдарламасында айтты.

«Жаңа ән жазып жатқаным жоқ. Өзім сұлулық салонын ашқанмын. Соның басы-қасында жүрмін. Болашақта мені кәсіпкер ретінде көретін шығарсыздар. Мен үшін өнер екінші орында тұрады», – деді әнші.

Өнер иесінің салоны басқалардан өзгерек. Себебі онда Элизат Берікова келушілерге өзі қызымет етеді.

«Менің сұлулық салонымның ерекшелігі – өзім сол жерде жұмыс жасаймын. Келген қыз-келіншектерді өзім бояндырамын. Ашылғанымызға 3 айдай уақыт болды. Келушілерге есігіміз айқара ашық»,– дейді Элизат Берікова.

Әншіні әннен гөрі, кәсібі алаңдатады екен. Оның айтуынша, басты мақсаты – бизнесін дамыту.

«Мен лирикалық әндер айтқанды өте жақсы көремін. Негізінде, менің бар ойым әнде емес, кәсібімде десем болады. Жатсам да, тұрсам да бизнесімді ойлаймын. Әншілікті ысырып, екінші жаққа қойып қойдым. Қазіргі таңда киноға да шақыртулар көп түсетін болған. Маған көбінесе ұрысқақ әйелдердің рөлі беріледі. Ал мен өте нәзік қыздың рөлін сомдағым келеді. Бірақ киноға түсуге мүлдем уақытым жоқ. Қазіргі басты мақсат – салонымды дамыту», – дейді ол.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

сұлулық салоны
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир