|
18.10.2021 | 09:48
1867

Мариям Думан: «O Ses Türkiye» байқауына қатысуыма әкем шабыт берген болатын

Мәриям «O Ses Turkey» жобаcында тек әншілік дарынымен ғана емес, түрік тілінде ойын еркін жеткізіп, талайды тәнті етті

әлеуметтік желіден

Отандасымыз Мариям Думан Түркияның «The Voice» жобасында қазылар алқасын тәнті етті. Көрмей тыңдау кезеңінде қазақ қызы мексикалық әнші Джульет Венегастың «Me Voy» әнін орындады. Бұл туралы ол «Алматы» телеарнасының Paparazzi бағдарламасына берген сұхбатында толығырақ айтып берді.

«Байқауға қатысу идеясы туған кезде бірден жаныма жақын әндерді таңдап алдым. Мені әрқашан әкем қолдап, мотивация беріп отырады. Осы «O Ses Türkiye» байқауына қатысуыма шабыт берген де әкем болатын», – дейді Мариям Думан.  

Бүкіл тәлімгер Мариямның вокалдық қабілетіне тәнті болғанымен, қазақ қызы Түркияның танымал әншісі Мұрат Боздың командасына баруды ұйғарған.

«Мұрат Боз – Түркия елінде танымал әншілердің бірі және де оның шығармашылығымен жақсы таныспын. Әндері мен стилі маған жақын. Тәлімгер ретінде «O Ses Turkey» жобасының сахнасында менің әнші ретінде ашылуыма үлесін қосады деген сенімдемін», – дейді ол. 

Мәриям «O Ses Türkiye» жобаcында тек әншілік дарынымен ғана емес, түрік тілінде ойын еркін жеткізіп, талайды тәнті етті.

«Түрік тілін өз бетімше үйрендім, ешқандай қосымша сабақтарға барғаным жоқ. Бұл тілді әлі де үйреніп жатырмын», – дейді әнші.

Шет елдік байқауда бақ сынаған қазақ қызы Түркияда шығармашылығын шыңдауы мүмкін.

«Қазіргі кезде заман талабына сай, адамдар әлемнің түкпір-түкпірінде тұрып, жұмыс істеп жатыр. Оның еш кедергісі жоқ деп ойлаймын. Сондықтан мен үшін Қазақстанда да, Түркияда да тұрып жұмыс істеуіме болады» – дейді ол.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир