|
15.04.2021 | 16:56
15045

Ғазизхан Шекербеков әйелін алғаш рет көпшілікке көрсетті

Алайда бұл әрекетіне кейін өкініп қалыпты

stan.kz

Ғазизхан Шекербеков былтырдан бері отбасылы екенін жария етіп келді. Балаларының суретін желіге жиі жүктейді. Алайда әйелін жасырып келді. Бұл жолы үшінші баласын күтіп отырған жарының суретін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі stan.kz-ге сілтеме жасап.

Алайда бұл әрекетіне кейін өкініп қалыпты.

«Менің отбасылы екенімді көпшілік біледі ғой. Балаларымды көрсетіп жүрмін. Әйел болмаса, бала қайдан болады. Үшінші баламды күтіп жүргендіктен көпшілікке әйеліммен түскен суретімді көрсеттім. Салыстырып көрейінші дедім. Оқырмандарым неге қызығады екен деп ойладым. Әйелімнің суреті көп лүпіл мен пікір жинады. Көпшілік менің жеке өмірім қызығады екен. Маған бұл ұнамады. Менің өнерімді бағалағаны жақсы еді. Соған ерегескенде әйелімнің басқа суретін жарияламай қойдым», – деді әнші.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир