|
04.10.2021 | 11:09
3329

Актер Жахан Отарғалиев кино түсіру үшін үйін сатпақ

Бүгінде Жахан жұбайымен пәтер жалдауға мәжбүр

365info.kz

Жахан Отарғалиев кинопродюсерлікке бет бұрды. Таяуда ғана  тырнақалды туындысына білек сыбана кіріскен актерді бұл бастамасы біраз әуре-сарсаңға салған көрінеді. Тіпті, бірнеше жыл бойы өзі тұрғызған мына екі қабатты зәулім сарайын сатылымға шығарып, үйден түскен қаржыны толықтай фильмге жұмсайтынын айтқан еді.

Бүгінде Жахан жұбайымен пәтер жалдауға мәжбүр. Балжанның сөзіне сенсек, ерлі-зайыптылардың қалтасы да жұқарған. Бұл туралы «Алматы» телеарнасының Paparazzi бағдарламасында айтты.

«Қазір қалада 400 мың теңгеге пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Үйімізді сатылымға шығарып қойдық. Баспанамызды сатылымға шығарумыздың басты себебі – Жаханның кино түсіру туралы жоспары бар, соған үлкен қаражат керек», – дейді әнші Балжан Бидаш.

Вайн арқылы актерлік шеберлігін шыңдап жүрген Балжанға отағасының дебюттік кинотуындысында ешқандай рөл бұйырмапты.

«Балжан бұрын-соңды киноға түсіп көрмегеннен кейін, осы фильмге түсуден бас тартты. Қазір вайнға түсіп жатырмын. Құдай қаласа, келесі кинода міндетті түрде бірге көресіздер», – деді актер Жахан Отарғалиев.

Әнші Балжан Бидаш фильмге түсуден өзі бас тартқан.

«Иә, алғашқы киносы болғаннан кейін, кәсіби актриса түскенін дұрыс санадым. Менде актрисалық қабілет бар. Соны вайн түіру арқылы шыңдап жатырмын. Келесі киносын түсіргенше дайын актриса болып қалармын», – дейді әнші.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

актер
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир