|
07.06.2021 | 21:51
15604

Әсем Жәкетаеваны студиядан шығарып жіберді

Бағдарлама басында шоудың жүргізушісі Тәуекел Мүсілім шығарылым қонақтарын «Ashyq» қосымшасы арқылы QR кодпен тексеріп көрді

«Алматы» телеарнасындағы тұсауы кесілген жаңа жоба «Алматы кеші» бағдарламасының алғашқы шығарылымында әнші Әсем Жакетаеваны студиядан шығарып жіберді, деп хабарлайды Almaty tv.

Әнші қыздың бағдарламаға қатыстырылмауына «Ashyq» қосымшасындағы мәртебе  себеп болған. Бағдарлама басында шоудың жүргізушісі Тәуекел Мүсілім шығарылым қонақтарын «Ashyq» қосымшасы арқылы QR кодпен тексеріп көрді. 

«Сізде көк түс қой. Кешір енді, амал жоқ, сені бұл бағдарламаға қатыстыра аламаймыз. Ренжіме! Әсемді келесі бағдарламаға міндетті түрде қонаққа шақырамыз. Вакцина салдырып келіңіз», – деді шоу жүргізушісі Тәуекел Мүсілім.

Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир